22.10.2021, 12:57
Оқылды: 88

Күзгі жиын -терім аяқтала келді

Ағымдағы жылы біздің шыңғырлаулық диқандар тағы бір науқанды үлкен  тиянақтылықпен атқарып үлгерді. Егін пісісімен, олар жиын-терім жұмысын уақытылы аяқтады.

6

Тынымсыз тірліктің нәтижесінде, қамбалар дәнге толды.  Жоспарға сай себілген 3 616 гектар алқаптағы дәнді дақылдар жауын-шашынға қалдырылмай,уақытылы  бастырылды. Оның ішінде күздік дақылдар - 1937 гектар жерден жиылған. Астық әр гектарына 24 центнерден өнім берді. Ал, жаздық бидай - 1179 гектардан жиылды, өнімділігі – 24,7 ц/га. Сондай-ақ, 500 гектарға себілген арпаның шығымы әр гектарына 14 центнерден беріп, ол да қамбаларға жеткізілді. Айта кету жөн, аудан бойынша арпа шығымы әр танапта әр түрлі, сол себепті орташа өнімділігі,- 22,8 ц/га.

Бұл жинауға жататын жалпы алаңның - 3616 гектарының 100%-ын құрайды.Шығын да жоқ емес, жиюға жарамсыз болған 683 гектар күздік бидай есептен шығарылды. Сөйтіп, жалпы бункерлық салмағы 8 271,6 тонна астық бастырылды.

Майлы дақылдар туралы айтсақ, аудан бойынша 4142 гектар  көлемінде өнім жиналды. Соның ішінде мақсары бойынша-3388 гектар жерден 2405,2 тонна өнім жиналған. Күнбағысқа келер болсақ, – 704 гектар  алқаптан өнімділігі – 17,8 ц/га, бүгінгі таңда 1254,5 тонна өнім алынды.50 гектардан 7,5 тонна зығыр дақылы шашаусыз қамбаға жеткізілді. Бұл жинауға жататын жалпы алаңның - 4342 гектар жерінің тек қана 76,2%-ын құрайды, демек әлі де мол өнім түсері сөзсіз. Әзірше 3667,2 тонна өнім жиналды.

Шыңғырлаулықтардың өз картобы былығы күзде де мол жиналған.Нақтырақ айтсақ, көктемде егілген 90 гектар жерден түгел дерлік картоп алынып, оның шығымы да тым-тәуір болды. Өнімділігі 128,3 ц/га. Нәтижесінде, 1155,1 тонна  қамбаға жеткізіліп немесе алқаптардан тікелей  сауда нүктелеріне жөнелтілуде.

«Сондай-ақ, 60 гектар танаптан 898 тонна көкөніс жиналды. Жауын-шашынның кемшіндігіне қарамастан, шыңғырлаулықтардың бақша дақылдары егілген 80 гектар жерден 1040,4 тонна өнім жиылды, ауылдастар өздерін-өздері осылай  көкөніспен қамтамасыз етуге қол жеткізді және ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде көптеп сатылды»,-дейді ауыл шаруашылық мамандары.

 А.Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале