24.11.2023, 17:15
Оқылды: 47

«Қыс - 2023»: Сырым ауданында қысқа дайындық пысықталды

Сырым ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу, оларды жою және азаматтық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға басқару органдарын, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын дайындау мақсатында «Қыс - 2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
қыс 8
Оқу-жаттығуға аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты.
Аудан басшысы алдымен полиция бөлімінің дайындығымен танысты.
Одан кейін электр торабы, аудандық аурухана, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, төтенше жағдайлар бөлімі, 12 өрт сөндіру, газ мекемесі, «Сырым» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ДЭУ-34 жол пайдалану бөлімінің әлеуетін бақылады.
қыс 7
Техникаларымен танысып, қысқа дайындығын бағамдады.
«Қыс - 2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың соңында аудан басшысы барлық құрылымның өкілдерін қыс мезгілін ойдағыдай жұмыла өткеруге шақырып, қандай жағдайға да бірлесе төтеп беру қажет екенін айтты.
қыс 6
Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ғабит Жасталап:
— Ауданымызда 23-24 қараша күндері «Қыс - 2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Соған орай жедел әрекет ету жасағы сапқа тұрғызылып, аудан әкімі дайындықтарын тексерді. Барлық қызмет қысқа дайын. Кейбір қажетті жарақтар аудан әкімімен келісіліп сатып алынады, - дейді.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале