24.01.2023, 15:30
Оқылды: 40

Қыстақ–2023: Сырым ауданында 122 орында мал қыстатылуда

«Жазда жазылған, қыста қысылмайды» - десек те, қыстықтың қамын күйттеңкірегеннің зияны жоқ. Бүгінгі таңда Сырым ауданы бойынша 122 қыстақта мал қыстатылуда.  

4

Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің маманы Ахат Аралбаевтың берген мәліметіне сүйенсек, ауданның қысқы орындарында 54 447 бас ірі қара, 80 863 қой, 13 991 ешкі бағылуда. 28 240 бас жылқының дені жалын күнге ойнатып, тегін шөпті теппей асап, еркін жайылымда жүр. Аулаларда тұрғаны – 20%-ы ғана. Есепке, 96 түйені де қоса кетейік.

5

Көктемде еріген қар суы даланы құтайтып, құлпыртты. Сәйкесінше, сапалы мал азығы жиналды. Қыстақ үшін Сырым ауданында 211, 09 мың тонна шөп пен егістік сабағы, 3,37 мың тонна жем дайындалды. 19 қаңтардағы мәлімет бойынша, қорда әлі 136,78 мың тонна шөп пен 2,13 мың тонна жем бар.

қой

Дегенмен, қазақы жыл санау бойынша қоянның қысы наурызда кіреді. Ахат Аралбаев қыстақ сәуірдің 13-15-теріне дейін созылуы ықтимал деген болжамын айтады.

Қыстан мал мен жаның аман шықсын, ауылдас!

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале