24.01.2022, 12:48
Оқылды: 57

«Қыстақ басында жағдай қалыпты»

Малшы қауымының сыналар кезеңі – қыс. Ала жаздай бел шешпей еңбектеніп, жем-шөбін жинап, қора-қопсысын сайлап алған шаруа адамның мұртын балта шаппас-ау. Биылғы қыс мал-жанға қолайлы болып тұр. Толассыз боран, сақылдаған аяз бола қойған жоқ. Дегенмен, әлі алда ақырған ақпан бар.

6

-Қыстаққа деп 159,2 мың тонна шөп, 12 мың тонна жем дайындалды. Қазір аудан бойынша 50 625 бас ірі қара бар. Оның 30554 басы – шаруашылықтар қолында. Ұсақ жандық – 63 629 бас. 14476 бас жылқы әзірге толықтай қолға қарап қалған жоқ. Жылқыны мол ұстайтын Шағатай, Шалқар, Ақсоғым, Ақжайық, Аңқаты округтерінде қар қалыңдығы кей жерде 2-3 см. Ал кей жерде қалың, 10-15 см жетеді.  Шалқар, Аңқаты округтері аумағында тебінгіге шоғырланған жылқылар тас жол маңынан көзге түсті. Осы орайда, жүргізушілер абай болуын еске саламыз. Жалпы,  дайындалған жем-шөп жеткілікті. 72  қыстақ бар. Мал суаруға құдықтары жабдықталған. Қар тазалайтын, малға шөп жеткізетін техникалары қоланыста. Қыстақ басында жағдай қалыпты,-дейді ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мейірбек Сұлтанов.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале