29.06.2021, 17:24
Оқылды: 67

Қыз жасауының жөнін білесіз бе?

Бәйтерек ауданы Достық ауылындағы кітапхана жанынан құрылған «Сырғалым» қыз-келіншектер клубы «Қыз жасауының жөнін білесіз бе?» атты ойталқы ұйымдастырды.

 IMG-20210629-WA0012

Шара басында ауылдық кітапхананың меңгерушісі Зоя Кенжеғалиева қыз жасауының ерекшеліктері қазіргі заманғы өзгешеліктері туралы кеңінен баяндап берді.

Қызықты шара барысында сөз алған көпбалалы ана Сымбат Қаржаубаева мен Бақтылы Ескендірова қыз жасауы туралы өз пікірлерін ортаға салып, жиналғандарға қазіргі жасаудың ерекшеліктері мен түрлері жөнінде айтып берді.

IMG-20210629-WA0010

Сондай-ақ  тағылымды кешке арнайы қатысқан ісмер Лунара Шукулова да қыз ұзатылғанда бірге апаратын көрпе-жастығының ерекшеліктері мен «құдағи көрпе» аталып кеткен ерекше бұйым жайында толық мағлұмат беріп өтті. Оның сөзінше, жасауға арнайы салынатын «құдағи көрпе» ұзатылған қыздың енесі секілді ұл-қыз өсіріп, аяулы ана болсын деген ниетпен жасалады екен.

Кеш соңында ауыл кітапханашысы Гүлжахан Қапсанова қыз жасауы жайында арнайы дайындалған кітап көрмесімен таныстырды.

 

                                        Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале