25.02.2022, 15:50
Оқылды: 102

Қыздармен өткен сырласу кеші

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің акт залында «Жеңгесі парасатты үйдің – қызы ибалы» атты оқушы қыздар мен ардагер ұстаз, көпбалалы аналар арасында сырласу кеші өтті. 

IMG-20220225-WA0035

Шарада А.Сапарованың орындауында «Сіңіліге сыр» өлеңі оқылып, композициялық қойылым көрсетілді. Сырласу кешіне қонақ ретінде зейнеткер ұстаз Клара Мақсотқызы, көп балалы ардагер ана Сәуле Батырова, психолог маман Айгүл Жәнібекқызы, мектеп психологі, көп балалы ана Жансұлу Ғалымжанқызы, ұстаз, жас келін Айжан Нұрболатқызы және мектеп директоры Бегайым Есенғалиева қатысты. Сырласу кешінде Б.Төлеуғалиқызы сөз сөйлеп, кеш қонақтарына жылы лебізін білдірді.

Шара барысында А.Нұрболатқызы ою-өрнекті ойып, құрақ көрпеге тігуде қайын сіңілісімен бірге жұмыстанды. Сырласу кеші аясында қонақтарға сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Бейнесюжет көрсетіліп, тренинг ойнатылды.

IMG-20220225-WA0034

Көрермендер тарапынан «WhatsApp» желісі арқылы сұрақ қойылып, кеш қонақтары сұрақтарға жауап берді. Жанар Шуйкина «Әйел бақыты» әнін шырқап, шараны аяқтады.

Р. Хамзина,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале