20.11.2019, 18:23
Оқылды: 80

«Қызыл ай» қоғамының семинары өтті

 

Шыңғырлау ауданында « Қызыл ай» қоғамының БҚО бойынша филиалының директоры Светлана Тенишева келіп, мазмұнды әрі әсерлі семинар өткізді.

serpin ai (3)

Семинарда ең алдымен Қызыл ай қоғамының елімізде атқарылып жатқан жұмыстары туралы түсіндіріліп, көптеген мағлұмат берілді.

Семинарға ауылдық округ әкімдері, ішкі саясат, аудандық ішкі істер және аудандық төтенше жағдайлар, жол-патрульді полициясы, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің өкілдері, БАҚ қызметі қатысты.

serpin ai (1)

Светлана Тенишева дәріс оқып, семинар жұмысын өте қызықты әрі тартымды өткізді.

Бұл семинарда күнделікті өмірде мән бермейтіноқиғаларға көңіл бөлдік. Адамдардың кез келген жағдайға әзір болуы керектігін түсіндік, дейді семинарға қатысушылар.

Семинар соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Эльмира Тағаниязова қатысушылар атынан алғысын білдірді.

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале