2.07.2021, 22:04
Оқылды: 73

"Қызыл ай" сыйлаған қуаныш ⠀

"Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы дарынды балаларға шығармашылық бағытты жүзеге асыруда қолдау көрсету және көмек көрсету мақсатында "Қамқорлық" қайырымдылық жобасын іске асыруда.

2B629055-9709-4F11-86DB-A44928F121A8

Айта кетейік, маусым айында Сырым ауданында композитор Ескендір Хасанғалиевті еске алуға арналған қайырымдылық концерті ұйымдастырылып, іс-шараның демеушілері мен қатысушыларынан жиналған қаражатқа домбыра жасаудың шебері Жанпейіл Сейтахов домбыраның музыкалық аспаптарын дайындаған болатын.

- "Домбыра күні" мерекесінде Орал қаласы мен аудандардағы музыка мектептерінің, үйірмелерінің 13 оқушысына домбыра сыйланған болатын. Сырым ауданындағы балалар саз мектебіндегі домбыра үйірмесінің шәкірті, талантты жас Арнұр Есқайырға табыс еттік. Еліміздің болашағы білімді, өнерлі жастардың қолында. Арнұрдай шәкіртті өнерге баулыған ұстазы Дархан Қажығалиевке де алғыс білдіреміз,- деді "Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Сырым ауданы бойынша өкілі Күләш Айташова.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале