29.12.2021, 20:54
Оқылды: 56

«Қызыл айдан» – сыйқоржын

Жаңа жыл мерекесінде «Қызыл ай» қоғамдық бірлестігі де қарап қалмады. Бірлестіктің Бөкей ордасы ауданы бойынша өкілі Нәсіп Нүркенова бастап, аудандық аурухана еріктілері қоштаған топ облыстық филиалдан бөлінген жаңажылдық сыйлықты бір топ балаларға үйлестіріп берді.

D34524BC-2BE4-46B6-994F-7BEC9C844251

– Сыйлықты аз қамтылған, ерекше қолдауды қажет ететін отбасы балаларына үйлестірдік. Осы орайда  қайырымдылық купондарын алып қаржылай көмек қолдарын созған аудан тұрғындарына ризашылығымды білдіремін. Тұрғындар купон алу арқылы осы шараның ұйымдастырылуына қаржылай қолдау көрсетті. Сіз болып, біз болып, періште-балаларымызды бір қуантып тастадық. Осылай бір-бірімізге қуаныш сыйлап жүргенге не жетсін?! – деп меншікті өкіл Нәсіп Қанатқызы ауылдастарына ризашылығын білдірді.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале