1.08.2023, 16:45
Оқылды: 21

Қызыл жалын күш бермеді

Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылдық округіне қарасты Төлеген Әмірғалиев жетекшілік ететін "Ерлан" шаруа қожалығының 90 гектар шабындық жерін қызыл жалын шарпыды.

IMG_0062

Аудан әкімі Тимур Шиниязов пен аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов өрт маңынан табылды.

Күйгенкөл, Ақоба, Ұзынкөл ауылы әкімдігі, №21 өрт сөндіру бекеті, төтенше жағдай бөлімінің мамандары мен бір топ тұрғын жұмыла іске кірісіп, кешке дейін өртті ауыздықтады. Дегенмен еңбектің көбі зая кетті.

Өрттің ұлан-ғайыр атырапты алып, бой бермеуінің себебін төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Дәурен Сәрсенов мәлімдеді.

IMG_0047

Ауа температурасы күрт көтерілуіне байланысты далалық аумақтарда ауыл шаруашылығы жұмысы 10 шілдеден бастап уақытша тоқтату туралы облыс әкімінің өкімі қабылданған болатын.

Айтуынша, аталған өкімді ескермеген жетекші қайнаған күнде техникаларды шабындыққа салып, жұмысын жалғастыра берген. Соның салдарынан өрт шығып, бет қаратпастан күшейіп кеткен.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале