4.11.2023, 20:15
Оқылды: 79

Қызылоба ауылының 60 жылдық мерейтойы аталып өтті

60 жылдық ​тарихы бар қасиетті мекен Қызылоба ауылының мерейтойына арналған бір күнге созылған «Қызылобам – құт мекенім» атты концерт пен облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды. ​

IMG-20231104-WA0057

Сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекенді атаулы мерекесімен Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаев құттықтап, Білім министрінің Алғысхаты мен марапаттарын елге елеулі жандарға табыс етті.

«Қызылоба вальсі» әнімен Еркін Нұржанұлы сахна төрінен бой көрсетсе, елін, жерін құттықтау мақсатында Қызылоба ауылдық округі әкімі Аманжол Жұмағазиев құттықтау сөз сөйледі. Мерейтой барысында құттықтау ​ сөздер жалғасын тапты. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмағали Қапулов ​ кезекті құттықтау тілегін жеткізді.

Сонымен қатар «Қызылобам – құт мекенім» атты жыр мүшәйрасының нәтижелері де марапатталып, табыс етілді. Ауылдарына арнаған өлең-шашуларын ақындар мәнерлеп оқып берсе, Қызылоба ауылының тумасы, әуесқой композитор Замир Гумаров «Көшімім» әнімен концерттің сәнін келтірді.

«Күй тартысын» Ертай Губайдуллин, Темірлан Сыралиев, Мұхамедияр Таңатаров домбыра үнімен керемет жеткізіп, жиналған қонақтарды күмбірлеген күймен тәнті етті.

Өнерліге батасын берген ауылымыздың концерті «Сымбат» би тобының «Сезім сыры» атты қазақ биімен жалғасын тапты. Ауылымыздың түлегі Нұртілек Ибрашев «Есен аға» әнін тебірене шырқады. Алпамыс Сыдиқов, Әли Тайманұлы, М,Балмолда, Нұрислам Өмірсерікұлы, Әскербек Қуанғали еліміздің ерлігі мен өрлігін, даналығы мен даралығын жеткізетін «Жаңақалам – жайнаған далам» әнімен мерекелік концертті қорытындылады.

Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале