24.08.2021, 17:38
Оқылды: 108

Қызылобада жаңа балабақша ашылды

Жаңақала ауданында кәсіпкерлік саласы жыл сайын кеңінен дамып, өркендеп келеді. Бүгінде ауданға қарасты Қызылоба ауылдық округінің жомарт жанды кәсіпкері, «Ерсұлтан» шаруа қожалығының басшысы Сәндігүл Исмагулова туған жеріне өз үлесін қосты.

Қызылобада жаңа балабақша ашылды (3) (1)

Нақтырақ айтсақ, аталмыш ауылдағы ескі мейрамхананы қайта жабдықтап, заманауи үлгіде үш топты қамтитын 75 орындық балабақша ашты. «Балбөбек» атауымен ашылған бөбекжайдың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Руслан Ғұмар, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысып, ізгі лебізін білдірді.

Қызылобада жаңа балабақша ашылды

-  Қажетті мекемелердің келісімімен балабақша аштым. Алты тәрбиеші, үш бала күтуші, екі аспазшы, бір дәрігер, әдіскер, кіші қызметкерлер жұмысқа алынды. Кәсібімді бастарда төмен пайызбен несие беретін ұйымдардың жоқтығы қиынға соқты. Мысалы, жаңа кәсіп бастайтын адамдарға Үкімет төмен пайызбен қаржылық қолдау көрсетсе, біз үшін өте көп көмек болар еді деп ойлаймын. Балабақшаға қаржыны түгел өзім шығардым. 17 пайызбен несие алдым. Жұмыстың ұйымдастырылуына, ашылуына ауыл әкімі көп көмектесті. «Еңбек» бағдарламасымен алғашқы жұмыс орнына жаңа бітірген түлекті аспазшы ретінде жұмысқа қабылдап отырмыз. Аудандық жұмыспен қамту орталығынан келісім шартпен екі адамды оқуға жіберіп алдық. Алдағы уақытта барлық жұмысшыларды аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа аламыз деген ойымыз бар. Жұмысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы алған қызметкерлерім атқарып жүр. Ал тәрбиешілер ресми түрде тамыз айының 30 жұлдызынан бастап қызметін бастайды. Тәрбиеленушілерді де сол күні қабылдап бастап, жұмысымызды бастаймыз. Қазіргі таңда балабақшаның ішінде санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде, - дейді Сәндігүл Мәжекенқызы.

Елі үшін еміреніп, халқы үшін қолдан келген көмегін аямаған, қайырымдылыққа жаны құмар Сәндігүл Мәжекенқызы сияқты жерлестеріміздің көптігі көңіл қуантады.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале