13.06.2017, 15:18
Оқылды: 99

Қызылталда супермаркет ашылды

Borli supermarket ashildi  Ақсай қаласының Қызылтал шағынауданында жаңа «Бәйтерек» супермаркеті ашылды. Бұл «Бәйтерек» компаниясының Ақсай қаласында ашқан бесінші сауда орны. 20 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтыған супермаркет халыққа азық-түліктің кең түрін ұсынады.


   Қызылталдықтар бұл қуанышты көптен күтті. Себебі, бұл супермарткет шығынаудандағы ең ірі сауда орны. Азық-түлік бағасы да қол жетімді. Супермаркеттің ашылу салтанатына орай түрлі ойындар мен лоторея ұтысы ойнатылып, сыйлықтар таратылды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале