Ұлттық ұланның Бас тәрбиешісі Аналар кеңесіне қатысты
30 Қыркүйек 2023

Ұлттық ұланның Бас тәрбиешісі Аналар кеңесіне қатысты

«Еділ мен Жайық арасында Заратуштра ілімі тараған»
29 Қыркүйек 2023

«Еділ мен Жайық арасында Заратуштра ілімі тараған»

Оралда Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтіп жатыр
29 Қыркүйек 2023

Оралда Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтіп жатыр

Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады
29 Қыркүйек 2023

Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады

Генерал-майор Қайрат Үмбетов БҚО-ға келді
29 Қыркүйек 2023

Генерал-майор Қайрат Үмбетов БҚО-ға келді

«Мобильді ХҚКО» қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
29 Қыркүйек 2023

«Мобильді ХҚКО» қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

11.08.2022, 10:30
Оқылды: 180

Лицей түлектері грант иегері атанды

Жылдағы дәстүр бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырған мектеп түлектерінің грант тізімі жарияланды.

1

Аудандағы Сырым мектеп-лицейінің директоры Самал Батырова сүйінші жаңалықпен бөлісті.

- Биылғы оқу жылында лицейімізден 22 түлек түлеп шықса, соның 21-і мемлекеттік грант иегерлері атанып отыр. Тілге тиек етерлігі, осы 21 шәкірт ішіндегі бір оқушымыз шығармашылық емтихан нәтижесін күтуде. Алайда, бұлай сеніммен сөйлеуіміз бекер емес, біз сенім артқан грант бұйырады деп отырмыз. Тағы бір түлегіміз өз еркімен ақылы бөлімге тапсырды. Жыл бойы ұстаздар қауымы тынымсыз еңбектеніп, оқушыларды тек тестілеу пәндерінен ғана емес, психологиялық тұрғыдан да дайындап түрлі семинар-тренингтер өткізген еді. Соның нәтижесін бүгін көріп қатты қуанып отырмыз,- деп ағынан жарылды Самал Тауфикқызы.

Лицей бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары көрсеткіш 122 балл болған еді.

2

Лицейлік жас түлектер әр түрлі мамандық бойынша, еліміздің Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Әл-Фараби қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеттері, Қ.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті секілді бірқатар іргелі жоғары оқу орындары студенті атанбақшы.

Одан бөлек, әскери саланы жанына серік етпек жігіттеріміз де жоқ емес. Әйтеуір, қандай оқу орны, қандай факультет болса да үйдегі тақымын қысқан ата-ананың үмітін ақтар нәтиже болды.

Үлкен өмірге басқалы отырған қадамдарыңызға сәттілік, сырымдық түлектер!

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале