29.02.2024, 17:37
Оқылды: 14

Люсия Хамзина 70 жасқа толды

 Жәнібек ауданына маңдай тері тамған асыл жандар ұмытылмайды. Олар алғыс пен марапаттың қандай түріне болса да, әбден лайықты.

429965900_954985133297828_2144579310163137535_n

Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов Люсия Хамзинаның туған күнімен құттықтап, жерлестердің ақ сәлемін жеткізді.

Люсия Дүйсенқызы 1954 жылы Ұзынкөл ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Жәнібек орта мектебін, 1973 жылы Алматы Кеңестік сауда техникумын тәмамдаған. 1973-1992 жылдары Жәнібек Тұтынушылар одағында товаровед, аға товаровед, 1992-1996 жылдары Одақтың басқарма бастығы орынбасары қызметін атқарған. 1996 жылдан бастап Тұтынушылар Одағы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Кейін жеке кәсіппен айналысып, аудан дамуына өз үлесін қосты. Ол - ҚР Президентінің Мақтау грамотасымен марапатталған білікті маман. Жақсылық Каримоллаұлы жетпісті еңсеріп, бейнетінің зейнетін көрген Люсия Хамзинаға аудан әкімі Тимур Шиниязовтың алғысхатын табыстап, лебізін білдірді.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале