10.09.2022, 14:33
Оқылды: 57

Мәдениет қызметкерлері марапатталды

Ақсай қаласының 55 жылдығына арналған «Ауыл әні – елімнің сәні» фестивалінің қорытынды концерті өтті. Қаламыздың қазіргі көз тартар келісті келбетінің көркейіп, өсіп-өркендеуі жолында үлкен жауапкершілікпен өз қызметтерін орындап, өзіндік зор үлестерін қосып жүрген Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аудандық демалу орталығы және Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлерін аудан әкімінің орынбасары Асланбек Саркулов пен Ақсай қаласының әкімі Арсен Баяндықов құттықтау сөз сөйлеп, марапаттады.

6fd8d579-5897-496c-ad14-aa855e4efe4e

Мараппаттаудан кейін концертті үлгілі «Назерке» би ансамбілі қазақ биімен ашты. Әрі қарай ауылдық мәдениет үйлерінің көркемөнерпаздары концертті жалғастырды.

ceecbfe2-b4b8-406d-8963-01379e36dc00

Бүгінгі мына шарамыз ең бастысы балалар жылына арналған. Маусымның бірі күні басталып, бүкіл ауылдық елді-мекендердегі мәдени қызметкерлер Наурыз саябағында әр аптаның бейсенбі күні ертегі қойған болатын. Тамыз айының 22-нен бастап Ақсай қаласының 55 жылдығына арнап ауылдық мәдени көркем өнерпаздары арнайы концерт берген болатын. Бүгінгі кеште барлық ауылдарды «Таңғажайып» ертегілер әлемі және де «Ауылым әнім - елімнің сәні» концертінде бүкіл ұжымды қала әкімі және аудан әкімінң орынбасары марапаттады. Қазір сахнаға шығып жатырған қаламыздың әншілері және үздігі таңдалып алынған ауылдардың көркем өнерпаздары, - дейді Бөрлі аудандық демалу орталығының көркемдік жетекшісі және осы концерттің режиссері Алжикенов Данабек Берікұлы.

                                                                                           Айдана Абдрахманова

                                                                                        Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале