21.05.2024, 23:21
Оқылды: 19

Мәдениет пен өнер – қоғамның айнасы

Мәдениет пен өнер – қоғамның айнасы, елдің рухани мұрасы, асыл қазынасы. Өйткені өркениетке қол созған еліміз үшін экономикалық өсіммен қатар елдің рухани бай құндылықтарын да өркнедету  мәселесі қолға алынғаны белгілі. Мәдениетке айтарлықтай көңіл бөлініп, бірқатар бағдарламалардың тетіктері қарастырылған. Нәтижесінде өңірде аталған саланың дамуы қарқынды, жоспары жұмыр. 

1

Бүгінгі таңда аудан бойынша Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты 37 мәдени мекемелері жұмыс жасайды. Оның ішінде 12 мәдениет мекемесі, 23 кітапхана және 1 спорт клубы.

«Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік қазынашылық кәсіп орныны 12  халықтық және үлгілі  өнер ұжымдарының  басын қосып,  облыс  мәдениетінде көш бастап тұр.

2

Мәдениет пен өнерді дамыту бағытында атқарылып жатқан игі істер – ұлттық дәстүрді дамыту, оның  өмірмен өзектестігін бағамдау, өнерді өнеге тұтқан елдің рухани дүниесін байыту мақсаттарын көздейді.

4

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында 21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиыны өтті. Шараға аудан әкімі Талғат Шакиров пен аудандық маслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева қатысты.

3

Алғашқы сөзді алған аудан әкімі Талғат Асқарұлы барша мәдениет қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, бірқатар өнер иелеріне алғысхат табыстады.

Назерке Шайхолла, 

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале