15.12.2020, 16:44
Оқылды: 88

Мәдениет саласы өкілдерімен кездесті

2021 жылдың 10 қаңтары Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы өтетін күн болып белгіленді. Осы орайда «Nur Otan» партиясы мәдениет және спорт өкілдерінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

63AD944F-AC55-433A-82AA-94093ECEB79F

Жетекші-саяси партия атынан «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтенова сөзін «Барлығыңыз белсене атсалысып, сайлауда сіздермен бірге жеңіске жетеміз деп есептейміз» деп бастап, жиналған қауымды 2021-2025 жылға арналған сайлауалды бағдарламамен таныстырып өтті. Сайлауалды бағдарламаның 5-ші бөлімі «Тарих пен мәдениетті дамыту» деп аталады. Яғни, мәдениет және спорт саласын дамыту үшін арнайы жобалар, экспедициялар қарастырылуда. Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – еліміздің дамуының сенімді іргетасы деген қағиданы ұстанатын «Nur Otan» партиясы рухани құндылықтарды сақтау жағын дамытуды қолға алып отыр. Бағдарлама аясында бірнеше жобалар ұйымдастырып, атқару мақсат етілген. «Бақытты отбасы» акциясы аясында отбасы құндылықтарын алға қойып, отбасының рөлін арттыру, спорттық шараларды жиі өткізу, Шыңғырлау ауданының көрнекті тұлғаларының мұрасын танымал ету, «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Өлкетану» және «Кәусар» жобаларын жүзеге асыру, «Жаңғырған дәстүр» жобасын, «Аналар кеңесін» құру, тарихи өлкетану мұражайларын кеңейтіп, «Аққұм» мен «Сарқырама» экспедициясын құру, Ақшат және Ақтау ауылдарында мәдениет үйін салу сынды жоспарларымен бөлісті. Светлана Ешматқызы өз атынан осы айтылған жобалардың жерде қалмай, іске асуына өз үлесін қосып, жүзеге асыру жолында ықпал ететінін жеткізді.

  Басқосуға қатысқан басқа да кандидаттар сөз сөйлеп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

 Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале