19.07.2017, 11:36
Оқылды: 97

Дариян ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтуде

Zelenov madeniet yi   Зеленов ауданы Дариян ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

  Ауылдағы тозығы жеткен ғимараттың іргетасы 1977 жылы қаланған. Аталмыш ғимаратта мәдениет залымен қатар кітапхана, спорт зал орналасқан.


   Қүрделі жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан «Алатау-Альдан-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Оған 171 млн 833 768 теңге бөлінген. Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысы барысымен арнайы барып танысқан аудан әкімі Асхат Шахаров мердігер компания өкіліне жұмыстың қарқынды әрі сапалы жүргізіліп, жұмысқа жергілікті тұрғындарды жұмылдыруды тапсырды.

         Динара БЕРІШ

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале