7.05.2022, 17:58
Оқылды: 64

Майдангерге құрмет 

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов бастап, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Тілеген Арыстанбеков, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы Асхат Сан, "AMANAT" партиясының аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Исатай Құрмашев, округ әкімі Медет Сисенов қостаған топ Хан ордасына барып, ІІ дүниежүзілік соғыстың соңғы ардагері Нәсіпқали Жұмағалиевке құрмет көрсетті.

IMG-20220507-WA0092

Аудан басшысы Нұрлыбек Даумов:

- Сізді аудан тұрғындары атынан Ұлы жеңіс күнімен құттықтаймын. Деніңізге саулық, әулетіңізге амандық, бақ-береке тілеймін. Ұрпақ қызығын көріп, елдің жақсылығына тілекші боп, аман отырыңыз. Біз үшін аға буынның өмір жолы өнеге, ерен ерліктің иесі сіздерсіздер! Қанша қиындық көрсе де шүкіршілігінен жаңылмай, еңбек етіп, "біз көрген қиындықты ұрпағым көрмесің, біз көрмеген жақсылық осыларға бұйырсын" деген кең жүректі қарияларымыз аман болсын, - деп тілегін білдіріп, облыс әкімінің де құттықтау хатын табыстады.

IMG-20220507-WA0089

Ауданнан барған өкілдер игі тілек, ақ ниеттерін білдіріп, сый-сыяпаттарын тарту етті.

IMG-20220507-WA0090

Өз кезегінде майдангер атамыз миллиондардың өмірін жалмаған сұм соғысты "біздің соғыс, біздің жеңіс емес" деп адамзаттың үлкен трагедиясына қырын қарайтын кейбіреулердің саны артқанына қынжылыс білдіріп, соғыстың үлкен, кішісі, жақсы, жаманы болмайтынын айтып, ел аман, тыныш заман болсын деп тілегін айтып, ризашылығын білдірді.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале