26.03.2021, 16:43
Оқылды: 31

Макаров жастары белсенді

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы «30 игі іс» акциясын бастады.

 Макар00

Акцияның мақсаты – соғыс ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ көпбалалы отбасылары мен әлеуметтік осал топ мүшелеріне көмек көрсетіп, қамқорлық таныту.

Жуырда Макаров ауылдық округінің оқушылары акцияға ат салысып, жалғысбасты қарияларға мекен-жайлық көмек көрсетті. Олар қариялардың ауласына үйіліп қалған қарды тазалап, үй шаруаларына қолғабыс етті.

Макар02

Бүгінде акция барлық ауылдық округ жастары арасында қолдау тауып, қайырымдылық көмек алған тұрғындардың қатары өсуде. Қар еріп, ауыл көшелерін су басу қаупі де бар. Жастар су ағар жыраларды тазартып, арықтар жасауға да дайын екендіктерін айтады.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале