12.10.2022, 10:00
Оқылды: 33

Мақсат - мал жайылымын көбейту

Қазіргі таңда мал шаруашылығындағы өзекті мәселелердің бірі – жайылымдық және шабындық жерлердің тапшылығы. 

IMG_0374

Осы аталмыш мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев, «АMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының мүшесі, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешов Ұзынкөл ауылдық округіне қарасты Еңбекші елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп қайтты.

Аудан әкімінің орынбасары Асхат Хамитұлы жиналған тұрғындарға кездесудің мақсатын түсіндіріп, жер мәселесінің өте өзекті екенін айтып өтті. Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару керектігі туралы да сөз қозғады.

IMG_0376

 Өз кезегінде аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешов Жәнібек ауылы тұрғындарының жеке ауладағы малын жайылымдық жерлермен қанағаттандыру мақсатында шаралар қолға алынып жатқанын жеткізді. 

-Жәнібек ауылы тұрғындарының жеке ауладағы мал басы саны ірі қара 4 330, ұсақ мал 7 985, жылқы 550 басты құрайды. Жайылымдық жерлерінің алаңы 12 122 гектар. Ал бұл жер жеткіліксіз. Жоғарыда аталған мал басын жайылыммен қамту үшін қосымша 50 041 гектар жер қажет. Осы орайда Жәнібек ауылының жайылымдық жерін Еңбекші елді мекеніне дейін созу жоспарлануда, - деді Нұрболат Зұлыпқарұлы.

Сонымен қатар мал шаруашылығының өнімділігін арттыру мақсатында шаруашылық құрылымдары саннан сапаға көшіп, мал басын өсіруді жер көлеміне сай келтіру жұмыстарын жүргізгені жөн. Мал басының шамадан тыс көп болуы – жайылымдық жерлерге ауыртпашылық түсіріп, топырақтың тозуына, тиісінше мал азығы ретінде пайдаланылатын дала өсімдіктерінің шығым мөлшерінің төмендеуіне әкеліп соғатынын да айтып өтті.

Кездесу соңында Еңбекші елді мекенінің тұрғындары Захар Шоманов, Замир Шынақаевтар жер мәселесіне қатысты басқа да сұрақтарын қойып, жауап алды. 

Бақытжан Маратұлы,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале