14.04.2021, 15:24
Оқылды: 220

Мақсат пен Мәдина бас жүлдемен оралды

Алматы қаласындағы «Талантты жастар» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қош келдің, көктем!» атты республикалық өнер-білім байқауы өтті.

5688D0AC-C066-409B-9420-AFB7716A252C

Аталмыш сайысқа Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық мәдениет үйі жанынан ашылған «Ұлағат» театрының жас әртістері де қатысып, тамаша нәтижеге қол жеткізді.

860C07A5-93C0-4B24-BF36-65886332F55A

Байқаудың «Жас ақын» номинациясында бақ сынаған Мақсат Базарбаев пен «Көркем сөз» аталымында өнер көрсеткен Мәдина Ибрагим бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар «Әзіл-сықақ» номинациясында бақ сынаған Мария Погосова мен София Бялт бірінші орын жеңімпазы атанды.

80FC5606-0F8D-4D7D-9546-717498B026C2

Жемпаздар мен бас жүлде иегерлерін байқау ұйымдастырушылары мақтау қағаз және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

DCDC48E4-9D18-4611-A4AA-DA6D707D7FCE

  Республикалық байқауға шәкірттерін дайындап, олардың рухани дамуына, ішкі мәдениеті мен білімін шыңдауға бағыт беріп қоймай, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеп жүрген ұстаз, үйірме жетекшісі Асылай Көпжанова да ұйымдастырушылар тарапынан сертификатқа ие болды.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале