8.12.2022, 17:45
Оқылды: 132

«Мақсатымыз чемпион шығару емес, адам тәрбиелеп шығару»

Бүгін Бұлан ауылдық округінде жаңа спорт залы ашылды. Ашылу салтанатында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров бұландық ағайынды жаңа спорт залдың ашылуымен құттықтап, болашақта үміт күттірер мықты палуандар шығарына сенім білдірді.
image-08-12-22-05-15
​Айта кетейік, аталмыш спорт залы «Батыр боламын» қайырымдылық қорының қолдауымен ашылды. Қордың негізгі мақсаты - спортқа қолжетімділігі төмен еліміздің шалғай елдімекендеріндегі ауыл балаларын спортқа баулу.
image-08-12-22-05-14 (1)
Осы орайда «Қазақстан халқына» қоры спорттық құрал-жабдықтар сатып алуға демеушілік жасады. Зал қазақ күресі және бокспен айналысуға арналған қажеттіліктермен жабдықталған.
​Қор арқылы елімізде - 26, облысымызда 5 спорт залы ашылды. Атап айтсақ, Қарауылтөбе, Ақсай қаласы, Ақпәтер ауылында, Дариян ауылында, бүгін Бұлан ауылында халық игілігіне беріліп отыр.
Салтанатты ашылу рәсіміне арнайы келген «Батыр боламын» қорының вице-президенті Ернұр Сәбікенұлы арнайы қатысып, залдың ашылуымен құттықтап, сөз соңында «Сырым елінен чемпиондар шықса, әрине, қуанамыз. Алайда түпкі мақсатымыз ашылған залдан чемпион емес, адам тәрбиелеп шығару!» деді қордың вице-президенті.
​Лента қию рәсімі құрметті спорт қайраткері, ардагерлер арасында дзюдо және самбо күресінен әлем чемпионы, жерлесіміз Қазболат Құрмашев және жас жаттықтырушы, қазақ күресінен спорт шебері Мерей Бердіғалиге ұсынылды.
​Қонақтар зал ішінде жас спортшылардың өнерлерін тамашалап, естелік суретке түсті.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале