22.04.2022, 11:00
Оқылды: 11

Мақсот Досалиев: «Сырым елінен бәрін оқып, біліп отырамыз»

Қанға сіңген жылдағы дәстүрдей аудандық «Сырым елі» газетіне екінші жартыжылдыққа жазылу науқанының жәй-жапсарын білу мақсатында Бұлан ауылдық округіндегі «Бұлан» шаруа қожалығында болдық.  

mde

Шаруа  қожалығы негізінен мал шаруашылығымен дендеп айналысса, биылғы жыл жаңалығы егіншілікпен  шұғылдануға да белді бекем буыпты.

Аталмыш қожалықтағы шаруашылық жөніндегі орынбасары Мақсот Досалиевтің (суретте) айтуынша, қыстың ойдағыдай аяқталып, мал жазғы жайылымға шығарылған. Яғни қожалықтың бағымындағы қазақтың ақбас тұқымдас жылқылары жаппай төлдей бастап, жазғы жайылысты еңбек дүбіріне бөлеген.

– Шаруа қожалығының еңсесін көтеріп, жұмыс жасай бастағанына бес жылдың жүзі болды. Ұжымда он бір жұмысшы-қызметкер жұмыла еңбек етуде. Жұмысшылар үшін арнайы демалыс бөлмесі ұйымдастырылған. Қыстың науқаны ойдағыдай өтіп, мал басына әзірленген 3000 рулон шөп толықтай жетті. Биыл шабыңдықтарға су шығып, көңіліміз көтеріліп қалды. Қожалықтағы 4 дана, «МТЗ-83» тракторын, шөп тайлағыш, үю техникасы, орақтарды науқанға әзірлеудеміз. Биылғы жаңалығымыз көршілес Теректі ауданынан 200 гектарлық егістік алқапты жылғы алып, 100 гектарға  арпа, 100 гектарға екпе шөп еккелі отырмыз. Қажетті тұқым, жағармай қоры  жеткілікті қамтылды,- дейді Мақсот Досалиев.

«Сырым елі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ширмединұлымен Бұлан ауылдық округінің  әкімі Мұрат Әділгереев, шаруагер азамат Мақсот Досалиевпен оқырмандардың баспасөзге жазылу жәйі бағытында сыр суыртпақтап, әңгімелестік.

– Ақпарат құралдарын асыға күтіп, онда жазылған дүниелерді оқып танымау кеңестік заманнан қанға сіңген қасиет. Жасыратыны жоқ, бүгінде ғаламторда, әлеуметтік желіде гуілдеген әңгіме  қайсысына сенерімізді білмей отырғанымыз. Ал нақтысын айтар болсақ, шынайы ақпарат газетте болмақ. Яғни басқа газетті сөз етпегеннің өзінде күні кеше аудан өңіріндегі су тасқынының жай-күйін, нақты ақпаратын осы «Сырым елі» газетінен біліп отырдық. Газет журналистері жедел қимылдап, дер кезінде ақпарат беріп отыруға әбден төселген. Ал, аудандық газетке деген шынайы көзқарас, сенімділік бар болған соң, газетті қолдау оқырманды тарту  мақсатындағы насихаттық  жұмыс басты назарда болмақ. Бастысы, аудандық газеттен бәрін оқып, біліп отырамыз,- дейді  Мақсот Досалиев ағынан жарыла.

Иә, жылдағы қалыптасқан дәстүрдей қожалықтағы 10 отбасын «Сырым елі» газетіне биылғы жылдың екінші жартыжылдығына өз қаражаты есебінен жаздырып отырған  Мақсот Досалиевтың азаматтығына көңіліміз көтеріліп қалды.

«Сырым елі»

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале