9.02.2024, 11:00
Оқылды: 37

Мал азығы жеткілікті ме?

Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округінде мал шаруашылығымен айналысушы шаруа қожалықтарының саны жыл сайын артып отыр. Осы салаға бейімделіп, мал басын көбейтіп, оның өнімін өндіруді округтегі 38 шаруашылық жақсы жолға қойған.

қыстақ

Қиындығы көп бұл істе заманауи технологияларды қолдану аясы да кеңінен дамып келеді. Бұның барлығы да жұмыстың табысты, еңбектің жемісті болуына үлкен бір себеп.

 Ағатан қыстағын мекен етіп, мал шаруашылығын дөңгелетіп отырғандардың бірі -«Орынбасар» шаруа қожалығы. Шаруа қожалығының басшысы Жасұлан Қабидуллиев. Қожалықтың қорасында 85-тей ірі қара малы, қой-ешкісі, ал тебінде 20 жылқысы жайылып жүр.

Округтегі осы салаға ден қойғандардың тағы бірі «Құрманғалиев» шаруашылығы. 2014 жылдан қожалық жұмысын жолға қойған Ерболат Құрманғалиев өз ісіне ұқыпты, малсақ жан. Шаруашылықта 181 ірі қара малы, 124-тей жылқысы бар.

- Қыстақ қалыпты өтуде. Шөбіміз мол, жем бар, мал азығы жеткілікті. Енді бір азғантай уақытта ірі қара аналық мал төлдей бастайды, - дейді шаруашылық басшысы Ерболат Жұмабайұлы.

 Ауылдық округ әкімі Светлана Байтенова да қыстақтарға жиі келіп тұрады екен.

-Қыстың қытымыр аязды күндері сирек болғанымен, малдың күйі, жем-шөбінің жәйін назардан тыс қалдырмауға тырысамын. Шаруа жандардың да керек-жарағын жеткізіп, мұң-мұқтажына құлақ тосып, қажет тұста қол ұшымызды беру басты міндетіміз, - дейді ауыл әкімі.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале