5.07.2022, 17:45
Оқылды: 77

Мал азығын дайындау маңызды

Таяуда Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов Зеленый, Егіндібұлақ ауылдық округтерінде болып, мал азығын дайындау, газ тарту жұмыстарымен танысты.

4C9FB00E-0D3D-4095-8B7F-8FF5516F09BF

Әкім сапары алдымен Зеленый ауылдық округіндегі «Журавлев» шаруа қожалығынан басталды. Қожалық жетекшісі Александр Журавлевтің айтуынша, олардың меншігінде 900 гектар шабындық бар. Бір апта бұрын мал азығын дайындау жұмыстарын бастаған. Шөп шығымы жаман емес, гектарына 10 центнерден келудеШаруашылықтағы 180 бас ірі қараға және ұсақ малдарға қажет мал азығы толықтай дайындалатын болады. Бұл маңызды науқанға 8 адам, 5 техника тартылған. Қожалықтағы дәнді дақылдардың да шығымы жақсы болады деген үміт бар. Мұнда бидай - 300, сафлор - 120, күздік - 120, судан шөбі 100 гектарға егілген. Мал азығын дайындаудың маңыздылығын атап өткен аудан әкімі шаруашылық қызметіне табыс тіледі.

E24892B9-5789-412F-9C47-A2A426F84C3C

Егіндібұлақта да шөп шығымы өткен жылдармен салыстырғанда шүкір деуге болады. Округ бойынша 3 мың тонна мал азығын жинауға жоспар жасалғанымен, оның артығымен орындаларына сенім мол. Шаруашылықтардың, жеке тұрғындардың бұл науқанға білек сыбана кіріскеніне он шақты күндей болған. Олардың қатарында «Сүндетқалиев» шаруа қожалығы да бар. Қожалық биыл 200 гектар арпа, 200 еркек шөп, 100 судан шөбін еккен.

Шабындықтағы қызу жұмыспен танысқан соң аудан басшысы аталмыш округтегі Алмалы ауылына барды. Мұнда газ тарттыру жұмыстарымен танысты. Былтыр желтоқсан айында басталып, биылғы сәуірде жалғасын тапқан жұмыс, бұйыртса, бір-екі айдың ішінде аяқталуы керек. Ауылдағы 20 шақты үйге газ тартылмақшы. Сонда округ толықтай көгілдір отынмен қамтылатын болады. Бұл бағытта атқарылып жатқан әрбір іс-шараға жіті мән берген Марат Лұқпанұлы жұмыстар сапалы әрі уақтылы атқарылуы тиіс екенін атап өтті.

FC00B8D0-C22A-44B3-AD6C-673C815464F1

Айта кетейік, биыл аудан көлемінде 186 939 гектардан шөп шабу жоспарланған. 1 шілдедегі жағдай бойынша 15000 гектар жердің шөбі шабылған. Орташа шығымдылық- гектарынан 7 центнер.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале