13.05.2021, 9:44
Оқылды: 81

Мал бағымы ұйымдастырылды

Ауылдың шығыс бетінде мал бағымы ұйымдастырғалы бір айға жуықтап қалды. Оны Қуаныш Арыстанғалиев деген азамат қолға алып, қазір 40-қа жуық малды таңмен жайылымға әкетіп, кешкісін ауылға қарай айдап келіп жүр екен. Астында аты да бар. Әр малдың басына қожайындары 1500 теңгеден төлейді деп келісіліпті.

5CC2F3F8-61FC-43AE-BCF1-3699AAACA673

– Егер мал басы көбейер болса, онда бағым құнын төмендету жайын да қарастыруға болады, – дейді Сайқын ауылдық округінің әкімі Нұргүл Омарова. Сонымен қатар ол ауылдық әкімшілігі мал бағуға келіскен азаматқа астына ат алып беруге, қайтарымсыз грант алуға жәрдемдесетінін де айтты.

–Сайқын ауылы тұрғындарының малдары төрт тіпті бес бағытта жайылып жүр. Солардың тек бір бағыты бойынша мал бағымы ұйымдастырылып отыр. Тұрғындардың малын бағымға қосып, төрт түлігінің өсіп-өнуіне ықыласты болғаны жөн, – деді ауыл әкімі.

Аудан бойынша мал бағымы бір жүйге түспей отыр. Бисен мен Ұялы ауылдарында бақташы болғанымен ауыл халқы малын ақылы бағымға қосуға құлықсыз. Ал саралжындықтар күзде малды кезектесіп бағамыз деп келісімге келіпті.

Раушан Бақытова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале