11.02.2020, 16:29
Оқылды: 70

Мал басын асылдандыруға 21 млн. 663 мың теңге субсидия алынған

Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылдық округіндегі «Ағайын» шаруа қожалығының жетекшісі А.Досқалиев ауыл шаруашылығы малын тұқымдық түрлендіру және одан алынатын өнімнің сапасын арттыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасымен 45 бас асыл тұқымды абердин-ангус ірі қара малының аналығын, 100 бас аналық герефорд және 5 бас асыл тұқымды аталығын жалға алып, асыл тұқымды шаруашылық құру жолында жұмыстануда.

Жалпы мұндағы шаруа қожалықтары тұқымдық түрлендіру бағытында 1 358 бас аналық малға, 28 бас асыл тұқымды бұқаға, табынға қосылған 22 бас асыл тұқымды бұқа мен қой малы селекциясына ауылдық округ бойынша барлығы 21 млн. 663 мың теңге субсидия алған.

Асқар Құсайынов

mal

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале