3.02.2021, 17:41
Оқылды: 17

Мал қыстағының барысы талқыланды

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдиновтің қатысуымен штаб отырысы өтті.

DB150ABA-62C5-4BD4-947B-E55B310278B3

Отырыста  мал қыстағының өту барысы баяндалып, аудандық инспекцияның жұмысы мен алда тұрған жоспар талқыланды. Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайроллиннің айтуынша, аудан аумағында мал қыстағының тірлігі бір қалыпты. Биылғы мал қыстату науқанында ауданымыздағы 20 елді мекені мен 542 шаруа қожалықтарының 517 қыстағында  74624 ірі қара, 89735 қой мен ешкі, 28738 жылқы, 1038 түйе қыстатылуда.

  − Биылғы ауа райының қуаңшылығына байланысты шөптің шығымдылығы төмен болса да шаруашылықтарымыз 80,9 мың. тонна мал азығын дайындады. Өткен 2019 жылы 63,2 мың. тонна шөп қалған еді. Биылғы қыстақты 144,1 мың тонна мал азығымен бастадық.

Аудан әкімінің өкіміне сәйкес қысқы маусымнан өту барысын қадағалу және үйлестіру үшін барлық ауылдық округтерге уәкілдер бекітіліп,  әр округ бойынша мониторинг жүргізіліп отырады. Күні бүгін ауданымыз бойынша 70,3 мың.тонна шөп бар деп есептелуде. Қазіргі таңда ауыл орталықтары мен қыр өңіріндегі қыстақтарда мал қорада толықтай тұр. Қырда жайылымның жоқтығына байланысты кейбір пункттерде жылқыға да шөп салынуда. Ал енді құм өңірінде, шет жақтарында ғана мал қораға тұрса, құмда мал әзірше жайылыста. Қожалық қожайындары бір мезгіл жатаққа шөп салатындарын айтады. Әзірше мал азығы таусылды немесе түбі көрінді деп дабыл қағушылар жоқ дейді. Саттықта жем бар. Отыз келілік жем 2800- 3200 теңге аралығында ұсынылуда. Аудан бойынша 18 кәсіпкеріміз жем сатып отыр.

    Аудан бойынша қыстақтарда 355  трактор есепте тұр. 23 дана жол талғамайтын автокөлік, таратып айтсақ, 12 «Камаз», 11 «Урал» автокөліктері бар.  Қыстақтың өту барысында қажет болған жағдайда осы қожалықтардың техникаларын келісім бойынша пайдаланамыз. Қазіргі таңда мал қыстағы қалыпты өтуде. Мал шығыны тіркелген жоқ. Елді мекендер мен қыстақтар арасында жол қатынасы мен байланыс бар, - дейді бөлім басшысы.

Аудандық штаб төрағасы Нұрлан Рахымжанов басқосуды пайдаланып, аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы – өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторы Мырзабай Нұрғалиевті 60 жас мерейтойымен құттықтап, алғысхат тапсырды. Мерейтой иесі  2006 жылдан бері аудандық аумақтық  инспекцияда қызмет етіп келеді. Алпысты алқымдаған Әзірбайұлына көрсетілген құрмет  тек бұл емес. ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов әріптесінің иығына шапан жауып, игі тілегін білдірді.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале