20.12.2021, 21:06
Оқылды: 61

Мал ұрлығы қылмысы азайды 

Теректі аудандық Достық үйінде Теректі ауданының прокуроры Равиль Мажитов аудан тұрғындарымен кездесті.  

IMG-20211220-WA0100

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі республикалық жол картасы аясында,  «Әділ құқық қорғау жүйесі» бағыты бойынша  прокуратура органдарының қол жеткізген көрсеткіштері туралы халықпен ашық диалог құрып, есеп беру  — басты мақсат еді.

Жүздесу барысында қадағалау органның басшысы 2021 жылы аудан прокуратурасымен қадағалау қызметінің басым бағыттары һәм іске асқан көрсеткіштер мен оң нәтиже жұмыстарына тоқталды.

Тінін тарқатсақ,  биыл мемлекеттік бюджетке прокурорлық қадағалау актілерімен жалпы 22 498 464 теңге өндірілген. Оның ішінде салық саласында 4 583 659 теңге, мемлекеттік қаражатты жұмсау саласында 17 914 805 теңге қайтарылды.

— Сонымен бірге қадағалау актісімен 2 ауқымды, көлемі 5 332 гектарды құрайтын игерілмеген жер учаскелері мемлекет қорына қайтарылды.

Прокурорлық ықпал ету актілерімен 6 057 аудан азаматтарының құқықтары қорғалды.

Жыл басында аудан прокуратурасының бастамасымен «Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл бойынша ведомствоаралық іс-шаралар» жоспары жасақталып, жауапты мекеме басшыларының келісімі алынып, жоспар аудан әкімімен бекітілді.

Аталмыш жоспарды іске асыру барысында және профилактикалық жұмыстарды күшейту арқасында, биыл мал ұрлығы қылмыстарының төмендеуі байқалады, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл ауданда бұл қылмыс түрі 7,4% азайды.

Жалпы мал ұрлығы қазіргі таңда барлық аудандарда көкейтесті мәселеге айналып отыр, сондықтан осындай ведомствоаралық іс-шаралар жоспарымен жұмыс жасау тәжірибесі өз нәтижесін береді,  — деді аудан прокуроры Равиль Мажитов.

Ауданда алимент төлеуден жалтарған борышкерлердің санын азайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтар болсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен 11 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ҚК-нің 139-бабымен 2 қылмыстық іс аяқталды, оның ішінде 1- іс бойынша сотпен айыптау үкімі шықты, 2- іс қылмыстық қудалау органымен ақталмайтын негіздермен, яғни тараптардың татуласуына байланысты тоқтату туралы шешім қабылданды.

Одан әрі аудан прокуроры  тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.  Сондай-ақ аудандық «Nur Otan» партия төрағасының бірінші орынбасары М.Ибраев және ақсақалдар кеңесінің мүшелерімен пікір алмасты.

Елырыс Елмұрат, 

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале