5.09.2022, 18:52
Оқылды: 184

Малайзияны бағындырған Ақбұлақтың мақтаныштары

Шет елге оқуға түсіп, білім алу қазіргі кезде әр жастың арманы екені сөзсіз. Басқа елде білім алу бөлек мәртебе болып саналып кетті. Себебі баласының шет елге оқуға түсуі – ата-ананың, ұстаздың үмітінің ақталғаны. Расында, өзге мемлекеттің студенті атану  – тек ата-ананың емес, бір ауылдың үлкен абыройы. Қазір шет елде оқып жатқан қандастарымыздың қатары өте көп. Сол қатарға жақында Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылының биылғы түлегі Ислам Кушаев та қосылды. Ол Малайзия елінің «Asian Pacific university in Malaysia» студенті атанды.

InShot_20220905_184349754

Исламды жақынырақ таныстырар болсақ, 2004 жылдың 24 қарашасында Бөрлі ауданы, Ақбұлақ ауылында дүниеге келген. Ақбұлақ мектеп бөбекжай-балабақша кешенінде білім алды. Мектепке барған кезінен бастап ағылшын тіліне деген қызығушылығы пайда болған. Ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыра білген ұстазы Майра Авраева. Ағылшын тілін он бір жасынан бастап нақты қолға алып оқыған. Он екі жасынан бастап Ақсай қаласындағы «Destination» оқу орталығында ағылшын тілін оқып бастады. Бұл орталыққа ағылшын тілі мұғалімі Майра Сайпулловнаның берген кеңесімен аптасына үш рет ауылдан қалаға қосымша сабаққа бара бастапты. Ислам қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. 9-сыныпта жоғарғы сыныптарды ауыстырып оқытатын FLEX бағдарламасына қатысқан, бірақ финалға жеткенімен, covid-19-ға байланысты шетелге шыға алмапты.

- Малайзия елінде өзімнің қалаған IT-технолог мамандығына оқуға түстім. Онда төрт жыл оқимын. Шетелге оқуға түскім келетін себебі Малайзия елінде ең жақсы IT мамандарын дайындайды. Мен IELTS емтиханына бір жыл дайындалдым. 8-11 сынып аралығында жыл сайын ағылшын тілінен олимпиадаларға қатыстым. Дайындыққа жұмсаған уақытымның босқа кетпегеніне қуаныштымын. Оқуым қыркүйек айының жиырмасы басталады. Осы айдың 13-і күні Малайзия еліне қарай жолға шығамын, - дейді Ислам.

Отбасында төрт ағасы бар, өзі бесінші бала. Анасы мектепте шаруашылық саласының орынбасары болып жұмыс жасаса, әкесі автокран операторы. Екі ағасы жеке кәсіппен айналысса, екі ағасы Түркия елінде жұмыс жасайды екен.

- Оқу үлгерімі жақсы, оқу екпіндісі. Мектептің қоғамдық жұмыстарына және спорттық шараларға белсене араласады. Берілген тапсырманы жауапкершілікпен уақытында орындайды. Қиын жағдайда өз бетінше шешім қабылдай алады. Құрбы-құрдастарының алдында беделді. Ислам - мінезі ашық, сабырлы бала. Ерінбей еңбек етіп, өз ойын еркін айта алады. Ағылшын тілі пәнін сүйіп оқиды. Аудандық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Исламның осындай қасиеттерін ескере отырып, болашақта жақсы маман болатынына сенемін, - дейді сынып жетекшісі болған ұстазы Ақтоты Серікқызы.

А.Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале