27.04.2024, 9:00
Оқылды: 20

Мамандар белсенді қатысқан сенбілік

Теректі ауданында ауыл-аймақ аумағын тазалау, көгалдандыру және абаттандыру мақсатында сенбілік жұмыстары басталды.

image-26-04-24-04-26-3

Бүгін Теректі ауылында әр мекеменің мамандары қатты тұрмыстық заттарды жинап, ағаш түптерін әктеп, арамшөптерді жұлып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

image-26-04-24-04-26-6

Сенбілікке бөлім басшыларымен қатар, барлық қызметкерлердің белсенді қатысқаны көңіл қуантты. Дей тұрғанмен, аудан орталығының көрсе көз сүйсінер, таза әрі тартымды болуы әр тұрғынға тікелей байланысты.

Осы орайда сенбіліктің апта сайын ұйымдастырылатынын атап өткіміз келеді. Теректіліктер сенбілік жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды деп сенеміз.

image-26-04-24-04-26-1

image-26-04-24-04-26-11

image-26-04-24-04-26-9

Балнұр Қанаева, 

Теректі ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале