6.03.2021, 16:24
Оқылды: 66

Мамандығына адал жан

20210306_162237

Есепші мамандығын ғалымдар шығармашылық жұмысқа жатқызады екен. Себебі есепші басқатырғымен жұмыс жасап, креативті ойлап, тұрақты даму үстінде болады. Есепшілердің ойлау қабілеті ерекше деседі.

Сондай жанның бірі - Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас-маман есепшісі Сания Жұбанғалиева ауданға еңбегі сіңіп келетін нәзік жандылар қатарында. Әйел-аналар мерекесі қарсаңында атап айтуға тұрарлық Сания Сәтбайқызы 28 жыл бойы табан аудармастан мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп келеді.

Өлеңті орта мектебінің түлегі жоғары білімді 2004 жылы Батыс Қазақстан облысы Еуразия тілдер және басқару институтынан алады. Мамандығы – есепші-аудитор. Сания Сәтбайқызы аудан орталығындағы бірқатар мекемелерде есепші қызметтерін абыроймен атқарды. Әр цифрға аса мұқият болуды талап ететін қиындығы көп қисап жұмысы – ол кісі үшін сүйікті іс.

Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале