24.04.2025, 17:30
Оқылды: 278

Мамандықтың бәрі жақсы

Елімізде 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған.

Амир

Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау.  Тың көзқараспен қарайтын болсақ, дұрыс таңдалған мамандық иесі қашанда өз ісінің шебері, әрі білгірі болып, сұранысқа ие болып жатады. Ол өз таңдаған бағытын жақсы көріп, сол саланың мақтанышына айнала алады. Әрбір адамның кез келген саладағы табысқа әсер ететін белгілі бір жеке қасиеті болады. Бұл тамаша есте сақтау, күрделі ойлау, бай қиял және табиғаты бойынша генетикалық және көбінесе тәрбиеге, білімге және өмірлік тәжірибеге байланысты басқа да ақыл-ой қабілеттері болуы мүмкін.

Бөрлі колледжін 2017 жылы бітірген Амир Қуанышев туралы айтқым келеді. Ол мамандығы бойынша электрмонтаждаушы қызметінде сегіз жылдай еңбек етіп келеді. Қазіргі уақытта АксайГазПромЭнерго (АГПЭ) компаниясында аға инженер –электрмонтаждаушы.

КУАНЫШЕВ АМИР

Бумакөл ауылының тумасы бұл күнде отбасы тірегі, сүйікті әке атанған Амир өзі білім алған колледжді ұмытқан емес. Студенттік жылдары білім мен спортты да қатар тізгіндеген, білім мен азаматтық ұстанымын ұштастыра білген.  Өзіне білім берген, өмірлік тәжірибелерімен бөліскен Дьяченко В.Ф., Көшекенов Б.Ж. сияқты аға оқытушыларға алғысы зор. Жетпіс жылдан астам тарихы бар Бөрлі колледжі инженер, жұмысшы кадрларды даярлаудың материалдық жағын қамтамасыз ету үшін көп мөлшерде қаражат жұмсап жатыр, елге қажет жұмысшылар мен орта буын мамандарын оқыту жүз пайыздық төлемін жұмысқа орналастыруға қол ұшын беруде. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық күшейтіледі. Кәсіби білімді меңгерген студент – түлектер қазіргі уақытта еліміздің түкпір – түкпірінде  жемісті еңбек етуде. Бүгінгі таңда, колледжде жоғары білімді, кәсіби мамандар еңбек етіп, болашақ жұмысшы мамандарды тәрбиелеуде.

Саягүл Зулкашева,

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале