30.04.2022, 12:00
Оқылды: 80

Мамыр мерекесіне арналған шара өтті

Бөкей ордасы ауданы орталығындағы мәдениет үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай салтанатты шара өтті.

6FE3EFFF-8C27-499C-AD66-C88517D009A4

Шара шымылдығын ашқан аудан әкімі Нұрлыбек Даумов:

- "Бірлік бар жерде тірлік бар" деген дала даналығы текке айтылмаған. Бүгінде сол бірлік, ынтымақ, тұрақтылықтың арқасында елімізде саяси тұрақтылық, бейбіт өміріміз сақталып отыр. Бірлік пен тірлік ұштасқан елдің ғана іргесі берік, еңсесі тік. Өміріміз келісті, жұмысымыз жемісті, дініміз сау болсын, - деп тілегін білдірді.

F6127540-B78D-4E18-B040-C8840F09A738

Салтанатты шара аудан өнерпаздарының концертімен жалғасты. Патриоттық әндер шырқалып, биші қыздарымыз мың бұралып, би биледі.

85064D3A-5791-49EF-98DA-6F98D23C89EF

Ұлпан Жакина,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале