19.03.2023, 7:17
Оқылды: 8

Маңызды науқан басталды

Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және жергілікті мәслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлау науқаны басталды.

20230319_065728

Жаңақала ауданының Жаңақала ауылдық округінің сайлаушылары үшін № 113, № 127, №128, №135 сайлау учаскелері ұйымдастырылған. ҚР Заңнамаларына сәйкес жергілікті уақыт бойынша 4 сайлау учаскесі 7:00-де ресми түрде жұмысын бастады.

Барлық учаскеде комиссия төрағалары комиссия мүшелерінің, байқаушылардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сонымен қатар ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен сайлау жәшіктерінің бүтіндігін, бюллетеньдердің жоқтығы тексерілді. Алдымен әнұран ойнатылды. Барлық учаскеде дауыс беру кабиналары да тәртіпке сай орнатылған. Ертемен дауыс беруге келген тұрғындардың да қарасы айтарлықтай, сонымен қатар алғашқы дауыс берушіге естелік сыйлық тапсыру да назардан тыс қалмады. Учаскелерде мерекелік көңіл күй байқалады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале