17.02.2022, 23:04
Оқылды: 71

Маңызы зор шара

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай «Аудан ақиқаты» атты ауданымызда тұратын Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. 

IMG-20220217-WA0017

Шара барысында Әнұран орындалды. Шараға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының орынбасары Мақсот Құрамшин, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жасақтау бөлімшесінің басшысы Жоламан Әбдірахманов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғиният Валиев, Ауған соғысының ардагері Самат Шаутенов, Чернобыль атом электростанциясында болған Сәкен Иманғалиев, Семей ядролық полигонында болған Жеңіс Биғалиев қатысты. Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Батыр Таулин баяндама жасады. Шара барысында Ауған соғысы жайында көрермендердің назарына  бейнефильм көрсетілді.

IMG-20220217-WA0014

- Кеңес әскерлерінің Ауған аумақтарынан шыққанына 33 жыл толуына орай кездесіп отырмыз. Біздер үшін еске алу күні болып есептеледі. Осы күні еске алу шарасын ұйымдастырып жатқан мектеп директоры Бегайым Есенғалиеваға, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Батыр Болатұлына алғысымды білдіремін. Аудан бойынша Ауған соғысының ардагерлері 14 адам болған, олардың біразы ауданнан көшіп кетсе, біразы дүниеден озды. Ауданда тек 2 ардагер қалдық, - деді  Самат Шаутенов. Шарада әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй орындалып, би билеп, оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

IMG-20220217-WA0062

- Қазіргі таңда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 33 жыл толып отыр. Қаншама отбасы азаматтарынан айырылды. Осындай оқиғалар қайталанбасын, аспанымыз ашық болсын, тек бейбітшілікте өмір сүрейік дегім келеді, - деді  аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының орынбасары М.Құрамшин. Самат Шаутеновке, Сәкен Иманғалиевке, сонымен қатар Жеңіс Биғалиевке аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының алғыс хаты табысталды. Одан соң «Отан» әскери-патриоттық клубының мүшелері Рустам Байқабылов пен Рамазан Сатыбалдин Автоматты бөлшектеу, жинақтау және оқты санап, жинауды көрермендер назарына ұсынды.

Райхан Хамзина, 

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале