6.05.2021, 14:48
Оқылды: 59

Марапат иесін тапқан күн

7 мамыр - бейбіт өмір, тыныштық ұялаған Ұлы Отанымыздың Отан қорғаушылар күні. Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 29 жыл толып отыр. Осы орайда, Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде әскери қызметте де, бейбіт күнде де еселі еңбек етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде танытып келе жатқан бірқатар азаматтардың құрметіне салтанатты жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова аудан тұрғындарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, құқық қорғау саласының мамандарына және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие бере білген ұстаздарға алғысхаттар табыс етті.

D7B62A59-D744-4E86-9DA3-C6005075C0BD

52343653-D1BD-4DA9-B630-33D6CF3A04AD

Атап айтқанда, аудан әкімінің алғысхатымен аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі А.Есқалиев, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Т.Ғабдуллиев, Ащысай мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қ.Жангиров, А.Тихоненко атындағы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі А.Қалмағамбетов, аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Н.Маматов, аудандық полиция бөлімінің ақпараттық байланыс тобының аға инспекторы, полиция майоры А.Касимова, төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Н.Қуанов, Шыңғырлау шекара бөлімшесінің старшинасы Б.Баймұқашев, Шыңғырлау шекара бөлімшесінің барлау жүргізушісі Ж.Канафин, Шыңғырлау бөлімшесінің барлаушысы Д.Дәуленов, Тасмола шекара бөлімше басшысының орынбасары Б.Ыдырыс, Тасмола шекара бөлімшесінің бастығы, аға лейтенант Н.Әділбек пен аудандық өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғаныс старшинасы, бөлімше командирі Р.Сальташев марапатталды. Салтанатты шара аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале