1.11.2021, 17:46
Оқылды: 47

Марапат жауған күн

Таяуда Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында әлеуметтік қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті.

IMG_8050 (1)

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбектері ұшан-теңіз. Бұл саланың мамандары көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық пен жанашырлықтың небір үлгісін көрсетеді. Айтулы мерекеде сол мамандардың еңбегі еленіп, сахна төріне көтерілді. Олар - тек қариялар мен көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп қана қоймай, оларға жүрек жылуын сыйлап, жақсы өмір сүруіне жағдай жасап жүрген жандар. Сала мамандарын айтулы мерекесімен аудан әкімінің міндетін атқарушы Аян Халауедин құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді.

«Әлеуметтік қызметкерлер күнімен сіздерді құттықтаймын. Адамгершілік пен ізгі қасиеттерді бойларыңызға сіңірген жандарсыздар. Жетімдер мен мүгедектерге қолұшын созуға әрқашан дайын тұрасыздар. Сіздерге алғысымыз шексіз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Қажырлы еңбектеріңіз бен кең жүректеріңіз, өзгенің қиындығына көз жұмып қарай алмайтын адалдықтарыңыз, сондай-ақ ақ адал жүректеріңіз үшін сіздерге алғысымыз шексіз»,- деді аудан әкімінің м.у.а Аян Халауединұлы.

Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алтай Есмағұловтың алғысхаты берілді. Бұдан соң Тасқала ауданы әкімінің міндетін атқарушы Аян Халауединұлы аталмыш салада қажырлы еңбек етіп жатқан мамандарды алғысхатпен марапаттады. Шара барысы концерттік бағдарламаға, әсем әуендерге ұласты.

Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі, еңбек ардагері Раушан Мусалимова да өз лебізін былайша білдірді:

«Құрметті әріптестерім, мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Еңбектеріңіз көріне берсін. Бұл сала мейірімді жүрек пен аяулы алақанды қажет етеді. Баршаңызға сәттілік. Алда тек жақсылықтар бола берсін»,- деп тілегін жеткізді.

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Серік Сүлеймен мен Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Батима Кетугаева мерекеге орай алғысхаттарын табыстады.

Тасқала арнаулы қызмет көрсету орталығының басшысы Ганмирлан Тұрғаналиев сөз сөйлеп, марапаттау рәсімін жүргізді.

«Әлеуметтік саланың қызметкерлері, сіздерді мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл салада жұмыс атқару үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сала маман иелерінің тұла бойында имандылық пен қайырымдылық қасиеттері болуы қажет. Кішкене болса да жүрегінде жылылықтың шуағы есілгені байқалса дейміз. Барлықтарыңызға тек жақсылық тілеймін. Шара барысында Тасқала іскер әйелдер төрайымы Мәрзия Нұрмұхамбетқызы әлеуметтік қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, оларға отбасы бақытын тіледі. Ганмирлан Тұрғаналиев, Батима Кентугаева және Жания Абдрахмановнаға өз алғысхатын және сыйлығын тарту етті.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале