26.01.2022, 17:53
Оқылды: 95

Марапатқа ие болған бапкерлер

Жаңақала аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 14 оқытушы-жаттықтырушы қызмет атқарады. Бүгінгі таңда спорттың 10 түрінен, оның ішінде қазақ күресі, еркін күрес, дзюдо, волейбол, тоғызқұмалақ, самбо, гір спорты, қол күресі, футбол, жеңіл атлетика спортынан 414 оқушы 35 топта жаттығады.

77115A3F-75DC-468C-A28A-7795DB68FAEB

Жаңақазан, Бірлік, Жаңажол елді мекендерінде спорт мектебінің филиалдары жұмыс жасайды. Мектепте өз ісін жақсы игерген бапкерлер оқушыларға білгендерін үйретуде. 2021 жыл спорт мектебі үшін өте табысты жыл болды. Қазақ күресі жаттықтырушысы, І санатты бапкер Замир Батыров ҚР Президентінің 2021 жылдың 2 желтоқсандағы жарлығы бойынша ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалін иеленді және ауданымыздың Құрмет тақтасына шыққан болатын. Тоғызқұмалақ жаттықтырушысы, жоғарғы санатты бапкер Қайрат Шәутенов ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына халық арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 2021 жылғы 2 желтоқсандағы жарлығы бойынша ҚР-ның Құрмет грамотасымен және БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың атынан алғысхатпен марапатталды. Футбол тобы жаттықтырушысы ІІ санатты Бекболат Құспановқа БҚО әкімінің алғысхаты табысталды. Дзюдо тобы жаттықтырушысы Ернар Ғұбайдуллинге БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Есенаманұлының атынан алғысхат табыс етілді. Оқытушы-жаттықтырушылардың шәкірттері республикалық, облыстық, аудандық жарыстардан жүлделі орындарға ие болуда. Еңбектерін бағалапжарысқа қолдау көрсетіп отырған спорт мектебінің директоры Жайсаң Есекеновтің еңбегі зор екені белгілі.

Гүлмира Батырашева,

Жаңақала ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале