6.04.2022, 17:45
Оқылды: 63

Мәрмардай мықты Мағмор

Азан шақырылып қойылатын есім адам өмірінің болашағына әсер етеді деп сенген бабаларымыз. Есімге байланысты сенім көптеген ұлттарда да бар. Сондықтан нәрестеге есім таңдау ісіне жауапкершілікпен қараған. Бекбол немесе Айнагүл деген есімдердің мағынасын ұғыну қиын емес, ал көп естіле бермейтін есімдердің құпиясын ашу ойлы азаматты қызықтырары хақ. Осы ретте Бөкей ордасы аудандық "Орда жұлдызы" газетінде «Ерекше есім» айдарын аштық. Құрметті оқырман, жаңа айдарымызға байланысты тың мәліметтерін болса, [email protected] электронды поштаға немесе 87776714494 ватсап номеріне жолдауыңызға болады.

44

Жаңа айдарымыздың алғашқы қонағы – көпбалалы ана, сайқындық зейнеткер Мағмор Молдашева.

–Менің есімімді атам Молдаш қойған. Тоқсанның үшеуіне келіп дүние салған атамнан оның мағынасын сұрағанымда ол бір қадірлі тастың атауы деп түсіндірді. Өзі арабша танып, намаз оқитын еді. Сондықтан бұл сөзді сол Құран аяттарынан оқыған болар деп ойлаймын, – деп естіп-білгенімен бөлісті.

Кейіпкердің тұспалымен анықтағанымыз Молдаш атаның меңзегені  латынша «marmor» аталатын мәрмәр тасы болуы мүмкін. Олай болса үлкен кісі немересінің кристалдай көз қызығатындай әдемі, алайда мәрмәрдай мықты болуын тілеген.

Өзге деректерде Мағмұр емес, Магмур деген татар халқының есімі делінген. Магмур есімінің иелері – мақсатшыл және мықты тұлғалар. Олар болашаққа оптимистік көзқараспен қарайды, өте өршіл. Өзінің тәуелсіздігі мен құқығын жоғары бағалайды. Олар керемет есте сақтау қабілетіне ие, өте ұйымшыл, бір уақытта бірнеше нәрсені жасай алады, сонымен қатар қырағы.

Хакім Абай болса, өз туындыларында адамның дүниеге қызығуын, «мағмұрлық» деп атайды. «Дүниеге, өмірге қызықпайтын, оның рахатын іздемейтін адам жоқ, себебі адамның дүниеге мағмұрлығы да Алла әмірімен болған іс» деп келтіреді.

Сайып келгенде, Мағмор есімі жаңашылдыққа жаны құмар, мақсатқа жету жолында тастан да қатты талап қоя білетін адам деп тұспалдауға болады. Кейіпкеріміз елді бастаған көшбасшы болмағанымен білімге деген құштарлықты балаларына да сіңіріп, ұстаздар легін тәрбиелеген ана деп нақ айта аламыз.

Раушан Жанатқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале