1.02.2024, 17:30
Оқылды: 48

Мәселелер кезең-кезеңмен шешіледі

Байқоныстықтарды бас ауырып, балтыр сыздаған кезде жедел жәрдем көлігінің келіп болмайтыны қынжылтады. Бұл мәселе Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжановтың қатысуымен өткен есептік кездесуде айтылды.

IMG-20240201-WA0048

Жиында сөз алған ауыл тұрғыны Дәурен Кұрманов Байқонысқа жедел жәрдем көлігі мен медицина қызметкері керек екенін, дәрігер жетіспеушілігі байқалатынын айтты.

- Аяқ астынан денсаулығымыз сыр беріп, медициналық көмекке мұқтаж болғанда  Дарияннан жедел жәрдем көлігігінің ұзақ уақытқа дейін келмей діңкеңді құрытады.

Ауылға жеткен күннің өзінде нақты мекен-жайды іздеп таба алмай жүріп қалатын кездері де болады, - Дәурен Кұрманов.

5eed742c-fc5d-4fad-a283-a7c5ad5d3f4c

Округ әкімі Алмас Қоңыров та жәдел жәрдем көлігінің өзектілігін жеткізді.

Бұл сауалға жауап берген аудан басшысы дәрігер тапшылығы мәселесі көптеген ауылда бар екенін атап өтті. Осынау түйіткілді шешу үшін мемлекет тарапынан қажет шаралар алынуда. Ауылға барып жұмыс істеуге ниетті дәрігерлерге баспана, қолдауақылар берілуде. Мұндай қолдау көлемі соңғы жылдары жақсара түсті. Бұл ауылдық елді мекендерге келетін ақжелеңді абзал жандар санының артуына сеп болары анық.

Одан бөлек байқоныстықтарды электр желілері мен бағандарды ауыстыру, зират басында адам жерлеуге арналған орын аз қалғаны, ауылішілік жолдар салу мәселесі толғандыратыны көрінді. Аудан әкімі көтерілген мәселелермен таныс екенін, алдағы уақытта олар өзектілігіне байланысты кезең-кезеңмен шешілетінін жеткізді.

bf7ed1fd-77ba-4a14-af9c-722c30100f63

Жиында мәлім болғандай, былтыр 20 байқоныстық «Ауыл аманаты» жобасы аясында 160,3 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Олардың бірі сүт, жұмыртқа өнімдерін өндірумен айналысса, екіншілері кілем жуу, дәнекерлеу, көлік жөндеу сынды кәсіптерге ден қойған.

Алмас Қоңыров баяндағандай, былтыр округ бойынша 64 көше шамы ауыстырылды және Байқоныстың кіре беріс жолына 26 көше шамы, Володар ауылында 25 көше шамы орнатылды. Жайық ауылында мобильді байланысты жақсарту мақсатында антенналық мачта салынған. Beeline компаниясының мамандары интернет қосу жұмысын жүргізуде.  Володар ауылында ауыз су тартылып жатыр.

Жалпы есептік кездесуде Марат Тоқжанов 2023 жылы атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы міндеттерге тоқталды.

 

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале