6.06.2017, 12:52
Оқылды: 66

Мәскеуде қазақ батыры ұлықталды

Janibek estelik siy tabis etu 01    Ресей астанасы Мәскеуде «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Орталық музейінің» Даңқ залында Кеңес Одағының Батыры, әскери қайраткер, армия генералы, ҚР тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің қола мүсінін тапсыруға арналған салтанатты шара өтті.


  Салтанатты шараны РФ әскер басшылары клубы аппаратының жетекшісі Николай Дерябин ашып, Сағадат Нұрмағамбетовтің өмірбаянымен көпшілікті таныстырды. Қос елдің әнұрандары орындалған соң Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісінің кеңесшісі Дәурен Дияров, «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы, әділет генерал-майоры, профессор  Рүстем Қайдаров сөз алды. Батырдың медальдары мен құжат көшірмелері музейге табысталды.

  Содан соң КСРО тарихында 72-інші болып ғарышқа ұшқан, Қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш ғарышкер, авиация генерал-майоры, ғарышқа дейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ағамыз ортаға шығып сөз сөйледі.  Салтанатты шара барысында батырдың ұрпағы Айсұлу Сағадатқызы кезекпен сөз алып, қуанышымен бөлісті. Салтанатты шарада Ұлы Отан соғысы тақырыбын зерттеп жүрген, осы жолдардың авторы да батыр атамыздың мерекелік медалімен марапатталды.

  Шараға Ресей елінде оқып жүрген қазақстандық студенттер, Мәскеудегі қазақ диаспорасының өкілдері арнайы келіп қатысты. Аталмыш музейде қазақтың қайсар да қаһарман ұлының мүсінінің  орын алуы «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жемісті жұмысының нәтижесі екенін айтып өткеніміз абзал болар.

  Ахмедияр БАТЫРХАНОВ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале