23.02.2024, 18:00
Оқылды: 90

Мәслихат аудан дамуын көздейді

Жәнібек ауданы әкімдігінде «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтті.

428708650_951098093686532_6600426336121702444_n

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Жәнібек ауылының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламаларының орындалу барысы туралы айтылып, аудандық мансап орталығының 2023 жылы атқарылған жұмысы бойынша есебі тыңдалды. Сонымен қатар тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау жөнінде баяндалды. Жәнібек ауылының әкімі Абзал Қаратаев ауылдың ахуалын тілге тиек етіп, көшелерді жарықтандыру, жол жабынын төсеу, қоқыс шығару түйткілді мәселелері туралы жеткізді. Аудандық мансап орталығының директоры Мирланбек Нұрланұлы болса, тұрғындар үшін ең маңызды істердің бірегейі жұмыссыздықпен күресу ісіне қатысты ойын білдіріп, қайтарымсыз грант алған тұлғалармен үнемі байланыста екендігін және олардың кәсіптерін дамыту үшін қандай жұмыс жүріп жатқандығына екпін түсірді.

428708512_951098157019859_2122995134450473220_n

  - Жұмысыздықпен күресу негізінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,4 пайызды құрады. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» бойынша ауданға 15 адам жоспарланды. Өңірлік комиссияның шешімі негізінде 2023 жылдың қазан айында аспаз мамандығы бойынша М. Ықсанов атындағы Жәнібек колледжіне 15 адам жолданып, оқуларын аяқтап тұрақты жұмыспен қамтылды, - деді Миранбек Нұрланұлы.

409083795_951098193686522_2202813991808122097_n

          Оның айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 131 адам оқуға ниет білдіріп, сертификаттарын алған. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грантты 21 адамға беру жоспарланған. Нәтижесінде 20 адам аталған грантқа қол жеткізді. Олар мал шаруашылығы, жылыжай ашу, фотосалон, қыз жасауы, кондитерлік өнімдерді шығару, шаштараз, техникалық қызмет көрсету абағыттарында өз істерін ашты. Жиын барысында хабарлаушыларға сұрақтар қойылды. Барлығы ауданды гүлдендіруге, аудандық маңыз алатын өзекті жайттарға, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларға байланысты болды. Халық қалаулылары елдің көкейіндегі сауалдарды ортаға салып, жауаптарын алды.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале