8.10.2022, 12:33
Оқылды: 168

Мәстексайда мерейтой

Бүгін Мәстексай ауылдық округінің ұйымдастыруымен Мәстексай совхозының құрылғанына 60 жыл толуына және Қариялар күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. 

IMG_6834

Ауыл тарихынан сыр шертетін думанды жиында ауылдық округ әкімі Ержан Тілепбергенов, ақын, жазушы Закария Сисенғали және өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлері һәм ардагер ұстаздар бас қосты.

IMG_6820

Іс-шара барысында кеш қонақтары ауылдық музейдегі ауыл тарихымен ұштасып жатқан құнды дүниелер мен ел есіндегі тұлғалардың өмірінен мәлімет алып, ауылдық кітапхана ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалады.

IMG_6925

Содан соң С.Меңдешев атындағы ЖОББ мектептің 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбие сағатына қатысып, ауыл әкімдігінің қонақтарға арнап жайған ақ дастарханынан дәм татты.

IMG_6987

7,8 қазан күндеріне жоспарланған мерекелік шараның бірінші бөлімі Мәстексай ауылдық мәдениет үйіндегі мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілердің сазды кешімен аяқталды.

IMG_6923

Нұргүл Елтайқызы, 

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале