17.08.2018, 10:45
Оқылды: 88

Мәстексайлықтар мал азығына зәру

Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин С.Меңдешев ауылдық округінде болды.  Бұл округте аудан әкімінің жеке қабылдауына келген тұрғындар биылғы жылы қуаңшылыққа байланысты мал азығы тапшылығын, шөп бағасының аспандап тұрғанын  айтты. Сонымен қатар, егде жастағы қария екі жылдан бері ауданаралық сауықтыру, оңалту орталығына жолдама ала алмай жүргенін мәлімдеді. Ал, қалған тұрғындар биліктен тұрақты жұмыс сұрады.

Аудан басшысының жеке қабылдауы түстен кейін Мәстексай ауылдық округінде жалғасты. Бұл округте қабылдауға келгендердің қарасы көп болды.

Бір қария  баласына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша үй алуға көмектесуді сұраса, бірі жұмыс, тағы бір тұрғын мал азығының тапшылығы мен өзен-көлдердің кеуіп жатқандығын мәселе қылып көтерді.

IMG_4892Ауыл тұрғындарының айтуынша, ауылға әлі күнге дейін мал азығы саттыққа болса да келмепті. Шаруа қожалығының жетекшілері де шабатын жердің жоқтығын айтып, дабыл қағуда. Мәстексайлықтар биылғы жылғы қуаңшылық жағдайға алаңдап отыр. Басшыларға үмітпен қарайды. «Ең болмаса айналадағы өзен-көлге су келсе екен» деген тілектерін жасырмады.

Осындай халықпен кездесу жиыны Мұқыр ауылында да өтті. Жиында шағын ауылға газ тарту, су алу мәселесі сөз болды. Жалпы, мұқырлықтар бірілігі бекем ел екендіктерін көрсетіп, газ бен суды тұтынуға бірауыздан әзір екендіктерін жеткізді.

Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале