25.11.2019, 18:24
Оқылды: 95

Мәуліт мерекесі аталып өтілді

Бөрлі ауданы орталығындағы Ақсай қалалық мешітінде мұсылман баласы үшін шаттық пен қуаныш күні – Мәуліт мерекесі аталып өтті. Бөрлілік жамағат жиналған мешіт үйінде пайғамбарымыз еске алынып, мәуліт оқылып, сансыз салауат айтылды.

borli meshit (8)

Хазрет Сұлтан мешітінің ұстазы, РАНТ мүшесі Мақсатбек Қайырғалиев Ақсай қалалық мешітінің жамағатымен кездесіп, "Шынайы достық" тақырыбында уағыз-насихат айтты.

borli meshit (7)

- Бұл турасында адамзаттың асыл тәжі болған ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде: "Жақсы дос жалғыздықтан жақсы, ал жалғыздық жаман достан жақсы", "Әрбір адам жолдасының дінінде болады. Сондықтан да сендердің әрбірің кіммен жолдас екендігіне қарасын"(Әбу Һурайра), деп шынайы достықтың алар орны ерекше екенін атап көрсеткен. Ал қасиетті Құранда Алла Тағала: "Арақ ішу, құмар ойыны және басқа да Алланы еске алудан алыстататын күнәлі істер жолындағы достық ақиретте опық жегізеді","Достардың тақуаларынан басқалары сол күні (қиямет күні) бір-біріне дұшпан болады" (Зухруф сүресі, 67-аят). Дос болған адам әрқашан бір-бірі үшін жаны ашып, қол ұшын беруге асығып тұруы керек. Бірақ достықтың шекарасынан шықпаған абзал,- деді ұстаз.

borli meshit (1)

Бұдан бөлек Мақсатбек Қайырғалиев Бөрлі ауданының тұрғындарымен, діни теріс ағымдардан жапа шеккен азаматтармен жүздесті. Сонымен қатар мейман Орал қалалық Тәжиден Батырұлы мешітінде де болды.

Бөрлі аудандық мешітінің

баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале