21.10.2021, 14:30
Оқылды: 46

Мәуліт мерекесін атап өтті

Мәуліт мерекесіне орай Бәйтерек ауданы орталығында рухани- танымдық кеш өтті. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бaршa мұсылмaнның үлгісі болғaн Мұхaмед (с.ғ.с.) пaйғaмбaрымыздың өмірге келу құрметіне арналған Мәуліт мерекесіне арналған дөңгелек үстел оздырылды.

IMG-20211021-WA0075

Қазақтың салт-дәстүрімен тарихын бүгінгі күнімізбен байланыстыра отырып, пайғамбарымыздың өмір жолын дәріптеу және Мұхaмед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың тура жолын, сүннетін түсіндіру мақсатында өткен кездесу кешінде жиналғандарға сүйікті пайғамбарымыз жайлы толық мағлұмат берілді.

Жастардың діни сауаттылығын кеңейтуді алға тартқан кеште «Жұбан молда» мешітінің бас имамы Бейімбет Дүйсенәлі мен аудандық теолог, ұстаз Ерген Қонысұлы және «Жұбан молда» мешітінің наиб имамы Мақсат Саматұлы сөз сөйлеп, дөңгелек үстел қонақтарының көкейінде жүрген сан алуан сұрақтарына жауап берді.

IMG-20211021-WA0079

Шараға жиналғандар құр мәліметтерді меңгеріп қана қоймай, ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты. Білмегендерін үйреніп, білетіндерін өзгелермен бөлісіп отырды. Мәуліт мерекесіне арналған кеште бас қосқан меймандарға «Жұбан молда» мешітінің бас имамы Бейімбет Дүйсенәлі бұйымтай кітабын әкеліп, кітапхана қоржынын тағы бір діни мазмұндағы, танымдық негіздегі берері мол кітабымен толықтырды. Оның артынша, пайғамбарымыздың өмір жолы туралы көптеген мағлұматтар жинақталған кітап көрмесі ұйымдастырылып, рухани кешке жиналғандарды сауатты ақпараттармен сусындата түскендей болды.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале