4.04.2024, 23:37
Оқылды: 53

Махамбеттегі 27 үйде су сору жұмысы аяқталып, 31 адам үйлеріне оралды

Бұрын хабарланғандай, 3 сәуірде Крутинка өзенінің тасуы салдарынан Бәйтерек ауданы Махамбет ауылының батыс бөлігіндегі 27 үйге су кірген еді.

Су махамбет

Негізінен Қ.Мұңайтпасов, Садовый көшелерінің көп бөлігін су басты.

IMG-20240404-WA0142

Тұрғындарды эвакуациялау жұмысына арнаулы құрылым өкілдерімен қатар ҚР Қорғаныс министрлігінің Оралда орналасқан 99250 әскери бөлімінің жауынгерлері де көмекке келді.

Су махамбет

Олар жергілікті тұрғындармен, аудан орталығынан келген азаматтармен бірге су тасқыны салдарын жою жұмысына атсалысты.

Ауылдық округ әкімі Бейбіт Аманғалиевтің сөзінше, сол күні кешкілік Қ.Мұңайтпасов көшесі мен ондағы баспаналардан су сору жұмысы аяқталса, 4 сәуірде осындай жұмыс Садовыйда жүргізіліп, кешке таман біте келді.

Енді бұл көшедегі Игорь Аненков тұратын №15 үйдің ауласындағы су қалған.

– Қазіргі таңда эвакуацияланған барлық тұрғын, 31 адам, соның ішінде 4 бала үйлеріне оралды. Қауіпсізге жерге апарылған 227 бас ірі қара мен ұсақ мал да әкелінді. Әзірге ауылға судан төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ, - деді Бейбіт Серікұлы.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале